bookmate game
kk

Ілияс Жансүгіров

  • b5695605867has quoted2 years ago
    Сағындық жуан жерден шыққан белді бай, ауыр дәулетті, малы мол адам. Үш қатыны бар. Бастапқы бәйбішеден ұл жоқ. Жалғыз-ақ ұрғашы тарғыл мысықтай бір қара қожалақ бойжеткен қызы бар
  • b5695605867has quoted2 years ago
    Матайдың өңшең жуаны — Тәңірберген Тұрысбекұлы, Қалабек Шиырбайұлы, Бекіш Былшықұлы, Сұлтан Егеубек, Сақайбайдың Мүтәші бар, барлығы жабылып бұған қатын әпергелі жатыр
  • b5695605867has quoted2 years ago
    суық жел. Ақсудың кішкене қалашығы. Бір терезесі бар үйде уездік комиссар Абылайхан тұрады. Бұл он болыс матай деген елге қалын малын таратып салып, садыр Омар қажының қызын алғалы жатыр
  • b5695605867has quoted2 years ago
    — Жасасын Жарқын Бадырақұлы! — десіп гуілдесіп қошеметтеді.

    Бұл қара жігіт Бадырақтың тұңғыш баласы Жарқын еді. Оның жастайынан оқуға кетіп, ауылға қайтқаны осы.

    Ол әке-шешенің үйінен аттанғалы тоғыз жыл болған. Ол қазір кеңес өкіметінің отты да ойлы азаматы. Коммунист партияның қабырғалы қызметкері
  • Айнура Жарасоваhas quoted2 years ago
    Жасы жиырманың екеуінде, орта бойлы, дембелше, жауырыны қақпақтай, жас жігіттің алыбы еді. Төбесі биіктеу, шекесі торсықтай, бүркіт қабақ есті жігіт

    Керек

  • Айнура Жарасоваhas quoted2 years ago
    Қоқанның құранды ерін ерттетіп, үйдей болып боз ат мінген бәйбіше барлық көшті жетелеп келеді

    Кереек

  • Айнура Жарасоваhas quoted2 years ago
    Жезді қамшымен төгілте қамшылаған, күміске бөлеулі аттарды ауыздығымен
  • Айнура Жарасоваhas quoted2 years ago
    кілемнің пұшпағынан тартып түзетеді де, арттарына қарап сақылдап күледі
  • Айнура Жарасоваhas quoted2 years ago
    Қатынның төрт жағынан төрт қазық қағып көрген. Үстінен қой айдаған. Құрым киізбен ұшықтаған, қырықтық қыздырып денесін қарыған, екі бұрымын шорт кесіп тастаған. Түнімен сол қазыққа таңулы жатып, ел көшкен соң мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағып, ауылды үш айналдырғанда, торы биеге жалаңаш таңып, қара іңгеннің уығына тіркеген
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)