Бұрынғы еткен аталарымыздың айтқаны бар емес пе: «Қатын өлді — қамшының сабы сынды», «Байдың қатыны өлсе төсегі жаңғырар, жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар» деп, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, жастың алпысқа келгеніне қарамай-ақ мал берсең, біреу өзі-ақ қызын әкеп тастар. Малға қызын кім бермеуші еді!..»—деп байдың көңілін көтерісіп жүрді.