айдату, елдің өшпенділігін күшейте береді. Өшіккен ел кегін алмай қоймайды. Түбінде үкімет жеңбейді, ел жеңеді. Ендеше елмен есептеспей болмайды. Жұрт сені «ақылгөй емес, тасыр қой» деуші еді, рас екен ғой сонысы! «Әлін білмеген әлек» дегендей, өлеріңді білмейтін адам ба едің сен? Керей, Уақтың қолына беріп отырған шылбырын босатайыншы, не істер екен саған? Олар аспандағы жұлдыздай, сен арасындағы үркердейсің. Бір шайқауына келемісің олардың? Ерегісіп көрші, күліңді көкке ұшырсын! Орта жүздің игі жақсылары сені сыйлап кеп отырған жоқ, Абылайдың аруағын сыйлап келіп отыр. Тілін алмай көрші, олар да безеді сенен!... Сонда не істемексің?
Құрымсының шешендік торына іліккен Шыңғыс, амалсыздығын көрді де:
– Сонда, не істе дейсің маған? – деді.
– Істе дейтінім: басын аман, малын түгел кезде, бұл Құсмұрыннан кет.