bookmate game
kk

Jack London

  • Zhadyrahas quoted2 years ago
    Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар!
  • b7292157164has quoted2 years ago
    түкірігің жерге түспес аязда,
  • b3099761671has quoted2 years ago
    ─ Май дейсіз бе?

    ─ Иә, иә, майды айтамын. Кімнің бойында май көбірек болса. сол жол азабын да көбірек тартады.
  • b1087880661has quoted2 years ago
    Өмір деген бір жұмбақ құбылыс қой. Мен бұл туралы көп ойладым, көп толғандым, бірақ күн өткен сайын ол маған тіптен түсініксіз бола түскен. Біз бәріміз неге оған соншама құлай береміз. Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар! Өмір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар. Осы да қызық па? Осы да өмір ме? Жоқ өмір сүру ─ тозақ. Туғаннан ─ өлгенге дейін. Өйткені адам жылап туады, жылап өледі. Сөйте тұра және ешкім оңайлықпен, өз еркімен өлгісі келмейді. Егер көзіңді ашып қарасаң, мұндай ит тірліктен өлім әлдеқайда артық қой. Жоқ бәрібір біз өмірді жақсы көріп, өлімге нәлет айтамыз. Бұны қалай түсінеміз өзі!? Бұл неткен жұмбақ сонда
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Иә, бұл адамның қолы білегіне дейін қанға батқан еді
  • b4433651037has quoted2 years ago
    менің сөзім, бірақ ол сенің аузыңнан шығып тұр, ал сенің құлағың оны естіген жоқ-ты
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Жоқ, Имбер, бұл сөздер қағаздан шығып жатыр, ─ деді жымиып, ─ Менің құлағым оларды естіген жоқ. Сөздер қағаздан шығып, менің көзім арқылы басыма жетіп, сосын оны менің еріндерім саған жеткізеді. Міне олар қайдан шығып жатыр!
  • b4433651037has quoted2 years ago
    бұдан әрі көзінің алды тұманданып, басы зеніп, еш нәрсені көруден де, естуден де қалған ─ дәлірегінде, қартайған сайын баяғы жастық шағын жиі ойлай беретін барлық кәрі адамдар секілді ол да қазір сонау артта қалған тәтті күндерінің бір тұңғиығына терең сүңгіп кетіп еді.
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Сөйтіп мен ұйқы-күлкінің бәрін ұмытып, орманда ұзақ-ұзақ отырдым, ─ мен ойлаған қиын мәселені шешетін бір ғажайып белгіні менің көздерім сарыла күтті, ал менің сыбыр еткенді еститін сақ құлақтарым ғайыптан түсер сөзді қағып алуға тырысты. Қап-қара түндерде, жел өксіп, су жылап жататын өзен жағасына жалғыз өзім келіп, сол жерде, ағаштар арасында, мен баяғы данагөй қарттар мен өлген шамандардың аруағын гөй-гөйлеп көп шақыратынмын
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Өйткені біздің жігіттеріміз су сияқты сұйық, қорқақ.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)