bookmate game
kk

Oscar Wilde

  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    Өмірге келген соң, оның мәні өз жолыңды табу. Бар болмысыңмен, өз ерекшелігіңмен толыққанды өмір сүру, адам сол үшін дүние есігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздерінен қорқатын заманға тап келдік. Олар ең басты парыз өзіңнің болмысыңның алдындағы парыз екенін ұмытып кетті. Әрине, олар ізгі. Ашты тойдырады, жыртық-жамауды киіндіреді. Ал өз жандарының аштықтан бұратылып, жалаңаштанып қалғанын білгісі де келмейді. Біз шындыққа тура қарау батылдығын жоғалтып алдық. Мүмкін, ол бізде ешқашан болмаған да шығар бәлкім.
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    егер әрбір адам әр сезімін сыртқа шығарып, әр ойын ашық айтса, әр арманын жүзеге асырып, толыққанды өмір сүрсе − әлем ортағасырлық бар ауру-сырқауларынан арылып, бақыттан басы айналар күйде болар еді, сөйтіп эллинизмнің мінсіздігіне қайта қол жеткізіп, тіпті одан да ары барар ма едік, кім білсін.
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    "Ең ұлы оқиғалар − адам миында болып жатқан оқиғалар".
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    − Бұныңыз дұрыс, − деді ол ақырын ғана. − Жаныңды сезіммен емдеген дұрыс, ал сезімді тек жан ғана емдейді.
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    ал жастық дегеніміз дүниедегі жалғыз ғана байлық.
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    Қалайша, қалайша, әрине, мен оның шешесін өте жақсы білгенмін. Оны шоқындырғанда қонақта болғаным есімде. Сондай сұлу болатын, әлгі Маргарет Девере, қайдағы бір, көк тиыны жоқ, жаяу әскердің офицерсымағымен қашып кеткенде, барлық еркектер бармағын тістеген. Иә, осының бәрі кеше ғана болғандай, көз алдымда.
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    Жастық шақтың бар қателігін қайталап қана оралта аласыз.
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    Балақайым менің, мен өмірінде бір рет қана ғашық болатын адамдарды ғана жеңілтек деп санаймын. Олардың адалдық, біртоғалық деп атап алғандары, меніңше, тек қана олардың қиялдан жұрдайлығының жамылғысы ғана.
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    Бірақ, Джульетта!.. Гарри, көз алдыңызға келтіріңізші, он жеті жасар, алма мойын, қос бұрымы жер сызған, гүлдей нәзік сұлудың нақ өзі. Көздері көк тұңғиық, еріндері гүл табы. Өмірімде мұндай хор сұлуын бірінші рет көрдім!
  • Bekzat Asylhas quoted2 years ago
    Ал дауысы! Мұндай тәтті дауысты естіген емен! Басында сыбырмен бастаған әр сөзінің әрбір нотасы бірте-бірте құлағыңа бұлақ сылдырындай құйыла береді.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)