Жер үстіндегі тіршіліктің жаралғанына бес миллиардтай жыл
бопты, оны да ешкім санап тұрған жоқ, одан да көп болуы мүмкін. Содан
бергі тіршіліктің бір де біреуін білмейміз,
бәрі бізсіз өтті. Біз басқа бір белгісіз кеңістікте белгісіз молеқула, не белгісіз
бір бөлшек боп ұшып жүрдік. Кенет дүниеге келдік. Ақылы бар, ойы бар, тілі
бар, дыбыс пен бояудың сырық түсіне білетін қасиеті бар Адам формасында
келдік. Қысқа ғана мерзімге. Асығыспыз, уақыт жоқ.Белгісіз кеңістіктегі
белгісіз бөлшекке тез қайта айналуымыз керек. Сонда деймін-ау, сонда не
үшін келдік, не үшін келдім?