bookmate game
ru

Әбіш Кекілбаев

  • Zhanerkehas quoted2 years ago
    Адам деген неменің ғұмыры ұйтқып-ұйтқып басыла қалатын қырдың желіндей құр әншейін өткінші нәрсе ғана болса, тұсында соның әрбір ұсақ-түйегін жіпке тізіп тіркеп бағатын адамның жады да мына сусыма құмдай тұрлаусыз бірдеңе екен ғой. Сонда анау аспан мен мынау жердің арасында баянсыздықтан басқа ештеңенің болмағаны да. Басқасының бәрі – өткінші, тек баянсыздық қана мәңгілік пе?
  • b4479559863has quoted2 years ago
    әр адамның сыры көкейінде жатқанда ғана өзінің қаруы да, аузынан шығып кеткен соң естіген кісінің қаруы емес пе?
  • b4479559863has quoted2 years ago
    құшақтары талғанша құшып, қоржындары толғанша тонауларына
  • Назерке Абенhas quoted2 years ago
    Баяғы қорлықты бүгінгі мәртебе, баяғы азапты бүгінгі бақыт ұмыттырмады ма!
  • Назерке Абенhas quoted2 years ago
    Бірақ, бүгін мәңгілік болса, ажалсыз болса, кешегілер қайда?
  • Назерке Абенhas quoted2 years ago
    Кеше деген әлсіздіктің екінші аты.
  • Назерке Абенhas quoted2 years ago
    Күштіліктің шын аты -Мәңгілік...
  • Назерке Абенhas quoted2 years ago
    Бүгін деген – қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы.
  • Назерке Абенhas quoted2 years ago
    «Әлсіздік те – тығырық... Одан да қашып құтылар айла-амалыңның көп болғаны дұрыс».
  • Назерке Абенhas quoted2 years ago
    Баяғыда сұңғыла Сүлейменге бір күні құмырсқа кеп: «Саған жаратқан ием желді неге бағындырып бергенін білесің бе?»-деп сұрапты. Сүлеймен қапелімде жауап таба алмай мүдіріп қалыпты. «Ол сенің патшалығыңның ақыр түбі желге ұшатынына меңзегені», –депті құмырсқа.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)