kk

Владимир Маяковский

Маяковский Владимир Владимирович — орыс ақыны. 1911 ж. А.Крученых, Д.Бурлюк, В.Хлебниковтермен бірге орыс футуристерінің әдеби тобын құрып, өздерін “кубуфутуристер” деп атады.
1912 ж. М. осы ақындармен бірге “Қоғамдық талғамға шапалақ” атты футуристер манифесін жариялады. Футуризмнің әдеби жиындарына қатысқаны үшін ол Мәскеудің кескін және көркемсурет уч-щесінен шығарылды (1914). 1913 ж. ақынның “Владимир Маяковский” трагедия-сы Петербург театрында қойылды. Трагедияны Б.Пастернак жоғары бағалады. Оның “Соғыс жарияланды” (1914), “Ана және немістер зая қылған кеш” (1914) өлеңдерінде соғыстың мағынасыз қантөгіс екені суреттеледі. Оның шығарм-дағы жаңа белес “Шалбарлы бұлт” (1915), “Соғыс және бейбітшілік” (1916), “Адам” (1917), т.б. поэмалары. Қазан төңкерісінен кейінгі шығармаларында өмір болмысын, шындықты суреттей отырып, ақын шығарм-ның негізгі әдісі — төңкерісшіл романтизм үлгісінде “Біздің марш” (1917), “Солға марш” (1918) өлеңдерін, “Сүйемін” (1922), “Бұл туралы” (1923), “Владимир Ильич Ленин” (1924) поэмаларын жазды. Кезең талабына үн қосып, партия, кеңес өкіметі шешімдеріне сай үгіт-насихатқа берілгенімен, жаңа жағымсыз болмыс құбылысын да аяусыз әшкереледі (“Кеңес төлқұжаты туралы өлең”, (1929). Ақын қоғамдағы кемшіліктерді көре білді, кеңестік тоғышарлықты, бюрократизмді, билік пен басқаруды, тұтастай алғанда тоталитарлық жүйені сынап әшкереледі. “Қандала” (1928), “Монша” (1929) пьесалары М-дің сол жүйеге қарсылығының, ой қақтығысының көрінісі. М. шетелдерде (АҚШ, Германия, Испания, Мексика, Франция, Куба, т.б.) болып, “Париж” (1924 — 25), “Америка туралы жырлар” (1925 — 26) атты шығармалар жариялады. М-дің 20-жылдардың соңына таман жазған шығармаларында трагедиялық сарын жиі көрініс тапты (“Қаржы инспекторымен поэзия туралы әңгіме”, 1926).
years of life: 19 July 1893 14 April 1930
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)