ауызға алуға бір адамның тілі бармады. Өйткені ол жара атын атауға адамның аузы жиренетін жара еді, ол жалғыз Мамырбайға емес, бәріне де намыс, қорлық, масқаралық ед
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
Қолына құлғана шыққыр! Қайсысы ғана ала қойды екен?
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
Ауылдағы кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда, «Жидіген, шірік күң! Ана Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай келеді» деп ұрысатын...
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
Адам дегеніңіз «Басқа түссе, басбақшыл» болады екен.
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
аштан қатып, бүк түсіп көрсе де, әрі-беріден соң шыбын жаны түскір шыдатпады, мезгілсіз өле алмады. Өмір шіркін неден сонша тәтті болды екен!
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
Дүниеде адамнан көнгіш мақұлық бар дейсіз бе?
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
Қорықсам да қалайын... сіздер қайтып келмейсіздер ме? – деді жұлып алғандай. — Мәлім емес, — деп қара мұрт мұртын дірілдетті.
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
«Өлмегенге өлі балық» деген осы да.
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
у ағады да жатады, ағады да жатады, бір таусылуы жоқ; қатерді, өлімді білмейді. Еш нәрсені сезбейді. Мен ішсем де, ит ішсе де бұған бәрі бір. Жақсыға да, жаманға да сусын болады. Құдайдың бұ да бір құдіреті-ау! Мейірімі-ау! Оны біз білмейміз-ау!»
Zhanar Kaiyrhas quoted2 years ago
. Іскендір бір жерде байыз тауып отыра алмайды. Бір үйге кірсе, «һақ!» деп бір ақырып, бетін бір сипап, шығып жүре береді.