Сәкен Сейфуллин

  • onoriikunhas quoted2 years ago
    Отырса сабақ оқып өңкей бала,

    Қайысқа Ләйлә келер тұра сала.

    «Мына бір сабағыңды ұмыттың», — деп,

    Өтірік бір оқуға жабар жала.

    Сондайды сылтау қылып сөз қатады,

    Іштегі ғашықтығы тек жатады.
  • Лаура Темиралиhas quoted2 years ago
    Көзім жетпес алдыма.

    Осымен өмір өтер ме?!

    Қайысым, саған не қылдым,

    Жан жүрегім сенде түр.

    Сен не сездің, не білдің,

    Сенің жаның менде тұр.

    Менің жаным өзінде,

    Менде құры кеуде тұр.

    Екі кезім көзінде,

    Бір керейін деуде тұр.

    Көзімді жұмып жатайын,

    Түсі келіп ойыма.
  • b3150582327has quoted2 years ago
    Оңбасыңа амал жоқ,

    Қызыл гүлің солған соң.

    Махаббаттан жаман жоқ.

    Бір айырылмақ болған соң.
  • Бауыржан Утегеновhas quoted2 years ago
    Көдеден көп қайнаға-ау, түйе ауғанда қайда едің?»
  • Бауыржан Утегеновhas quoted2 years ago
    басымыз айдауға, малымыз байлауға душар болатын болса
  • Молдир Амантаеваhas quoted2 years ago
    Сүйгеніне бара алмаған, малға сатылған сорлы қыз қайғыдан өлді ғой...»
  • Молдир Амантаеваhas quoted2 years ago
    Манаураған жер мен көк — меңіреу. Меңіреу жаратылыс көздің жасын көрмейді. Жылаған жанның қайғысын сезбейді.
  • Bekzat Bekbolathas quoted3 months ago
    Қатын, бала, кемпір, шалдың бұдан да жаман жылауына және елдің науыт болуына көз жетті.
  • Bekzat Bekbolathas quoted3 months ago
    Бұрынғы-бұрынғы емес, әсіресе кешегі 1916 жылғы қазақтың бунтында, қазақ жастарын қара жұмысқа алған қарсаңда, қазақты жеген, қазақты қан қақсатқан жаман адамдардың, залым ұлықтардың жазаларын тартпай бос жүргендеріне іш күйетін болды. Не қылуға білмей, құр тек әр жерде айтып құр жүгіріп жүрдік.
  • Bekzat Bekbolathas quoted3 months ago
    «Қазақты» басқарған — Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Жазушылары: Бөкейханов тағы солар. Бұл газеттер, «Тіршіліктен» басқасынын бәрі, бір бетте болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ күйін «Қазақ» газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. «Қазақтың» басындағылар Қазақстанның әр жеріндегі ниеттес адамдарына нұсқа беріп, хат жазып жатты. Газеттердің бәрі көзжұмбай ұлтшыл болды. Ұлтшыл болған соң, еріксіз байшыл газет болды. Бәрінің ортақ туы «Қазақ» газеті болды.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)