Олар мыңдаған совет адамдарын тірідей көрге көмді. Ондаған мың жазықсыз жандарды газ пештерінде тұншықтырып өлтірді. Сан мың адамды тұтқын лагерлерінде аштан қырды. Миллиондаған ата-аналар, әйелдер, сәбилер, қарттар өмірде бірақ рет кездесетін ең асыл қазынасынан: ұл-қыздарынан, адал махаббатынан, әке-шешесінен, үрім-бұтағынан айрылып, қор боп еңіреніп, зар илеп қалды. Ақ, қара, сары шаштарын қалың ормандай жайып аңыраған аналардың ащы үндері дүниедегі ең азалы симфонияға айналып, қабат-қабат болып тарихтың қатпарына шөкті. Мұны ешқашан да ұмытуға болмайды! Ешқашан да! Понятно тебе?